×

Бүгіннен бастап Қытаймен визасыз режим күшіне енді

Енді екі ел азаматтары туристік мақсатта шекарадан еркін өтіп, 30 күн бойы жүре алады

Бүгіннен бастап Қытаймен визасыз режим күшіне енді
Голос народа

Бүгін, 10 қарашадан бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим күшіне енді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Келісімнің 1-бабына сәйкес екі елдің азаматтары жеке істерді, туризмді, ем қабылдауды, халықаралық тасымалдарды, транзиттік, сондай-ақ іскерлік мақсаттарды жүзеге асыру үшін визалық талаптардан босатылады.

Бұл ретте азаматтардың екi мемлекеттiң аумағында болу мерзiмi мемлекеттiк шекараны кесiп өткен сәттен бастап күнтiзбелiк 30 күннен, ал 180 күнтiзбелiк күн iшiнде барлығы 90 күннен аспауы қажет.

Егер азаматтарға 30 күннен астам тұру қажет болған жағдайда олар алдын ала тиісті санаттағы кіру визасын алуы керек.

Визасыз режим жұмыс істеу, оқу немесе миссионерлік қызметпен айналысу құқығын бермейді. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусин қызметінен босатылды
30.04.2024ж. 19:02

Бағдат Мусин қызметінен босатылды

Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →