×

«Құлақ үйрене берсін»: Петропавлды Қызылжар деп атаған әкім елді сүйсінтті

Желіде қолданушылары әкімнің бұл сөзіне ризашылықтарын білдіріп жатыр

«Құлақ үйрене берсін»: Петропавлды Қызылжар деп атаған әкім елді сүйсінтті
Видеодан скриншот / ulysmedia.kz

Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмі Мереке Мұхамедияров «Ұлысмедиа» тілшісіне берген сұхбатында су тасқынынан зардап шегіп жатқан Петропавл қаласын тарихи атауымен яғни Қызылжар деп айтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жалпы қазақ тілді қауым көп жағдайда Қызылжар айтып жүргенімен, әкім-қаралар саяси қателік жібермей, құжат жүзіндегі Петропавл атауымен сөйлейтін. Ал Мереке Мұхамедияров олардан өзгеше болып шықты.

«Есіл өзенінің бойынша біздің аудан бойынша 18 ауыл тұр. Сол 18-дің бесеуі суға кетті. Жарқайың ауылында үйлерді су баспады, бірақ жан-жағына келді. Су енді қалаға 1-2 күнде жетіп қалады. Қызылжар, ай Петропавлға жетіп қалады», - дейді әкім.

Сол кезде журналист Петропавлды Қызылжар деп айтасыздар ма деп сұрады.

«Қызылжар деген ресми емес. Бірақ енді құлақтары үйрене берсін», - дейді Мереке Мұхамедияров.

Желіде пікір жазғандар әкімнің бұл сөзіне ризашылықтарын білдіріп жатыр. 

«Қызылжар деп атаған азаматқа мың рахмет», «Қызылжар» қаласы әдемі ғой», «Жарайсыз», «Қызылжар дегені керемет естілді», «Шыны керек, көзіме ерексіз жас келді. Рахмет, бауырым», «Әкімі әйтеуір қазақ екен, жүзі жылы», «Петропавл емес – Қызылжар», «Мықты азамат, істеп жатқан істерін көріп, біліп жүрміз», - деген пікірлер бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Есірткі сатушылар Астанадағы Оқушылар сарайында QR-код қалдырған: полиция іске кірісті
Кеше, 19:30

Есірткі сатушылар Астанадағы Оқушылар сарайында QR-код қалдырған: полиция іске кірісті

Астана қаласының білім басқармасы оқиғаны бақылауына алған
Әу баста әжетханада қайтыс болған мектеп директоры өзі құлап қайтыс болды деген
Марқұмның туыстары бұл іс БАҚ өкілдерінің қадағалауында болғанын қалап отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →