×

Желіде Қонаев қаласында прокурорлардың тұрғындардан қашып жүрген видеосы тарады

Алматы облысының прокуратурасында бұл жайтқа қатысты пікір білдірді

Желіде Қонаев қаласында прокурорлардың тұрғындардан қашып жүрген видеосы тарады
Видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде Алматы облысы Қонаев қаласында тұрғындардың жергілікті прокурорларды қуалап жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бейнежазба авторының айтуынша, кеше жергілікті қоғам белсенділері прокуратура өкілдерімен кездесу барған. Олар тұрғындармен ашық әңгімелесудің орнына "қашып кеткен". 

Прокурорлардың автотұрақ жаққа қашып, жүгіріп бара жатқаны видеоға жазылып, желіде тараған.

Алматы облысының прокуратурасында бұл жайтқа қатысты бар қатысушылар анықталғанын, қазір әдептілік және кез келген басқа да құқық бұзушылықтарға тексеру жүргізіліп жатқанын айтты.

"Тексеру нәтижелері бойынша прокурорлар мен өзге де адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Тұрғындардан мерзімінен бұрын шешім қабылдаудан бас тартуды және тексеру нәтижелерін күтуді сұраймыз", - делінген прокуратура  хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Есірткі сатушылар Астанадағы Оқушылар сарайында QR-код қалдырған: полиция іске кірісті
Бүгін, 19:30

Есірткі сатушылар Астанадағы Оқушылар сарайында QR-код қалдырған: полиция іске кірісті

Астана қаласының білім басқармасы оқиғаны бақылауына алған
Әу баста әжетханада қайтыс болған мектеп директоры өзі құлап қайтыс болды деген
Марқұмның туыстары бұл іс БАҚ өкілдерінің қадағалауында болғанын қалап отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →