×

«Ақтөбенің» мыңдаған жанкүйері Алматының «Орталық» стадионын шулатты

Ойынға екі команданың жанкүйерлерімен қатар бейтарап көрермен тарапынан да қызығушылық жоғары болды

«Ақтөбенің» мыңдаған жанкүйері Алматының «Орталық» стадионын шулатты
Ашық дереккөзден

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының орталық матчы Алматыда өтті. Жергілікті «Қайрат» клубы мен еліміздің бес дүркін чемпионы «Ақтөбе» кездесті. Қонақтар «Орталық» стадионда соңғы рет 9 жыл бұрын жеңіске жеткен. Осы жолы сол серияны бұзу үшін келгені байқалып тұрды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ойынға екі команданың жанкүйерлерімен қатар бейтарап көрермен тарапынан да қызығушылық жоғары болды. Ойынға дейін билеттің бәрі сатылып кетті. Тіпті, кіре алмай қалғандардың да қарасы қалың болды. Бейресми дереккөздерінде «Ақтөбені» қолдауға 10 мың жанкүйер келген.

Алматы командасын қолдаушылар стадионға  «Тау мен төбе тең емес» деген баннер жасап келді. Бірақ Дмитрий Парфенов лайықты жауап қайтара алды. Қонақтар бұл ойында 3:1 есебімен жеңіске жетті. Кездесуден кейін Ақтөбенің» ресми аккаунты Табылды Досымовтың атақты  «Қыр баласы тауға қарап өспейді, Қыр баласы қол созады аспанға» өлеңін жазып, жауап қайтарды.
«Ақтөбе» осылайша 9 жылда алғаш рет Алматыда жеңіске жетіп отыр.
Ал «Қайрат» футбол клубы қамқоршылар кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев алаң иелерінің жеңілуіне төрешілерді кінәлады. 

«Төреші «Қайратты» алаңда «өлтіріп тастады». Мынандай төрелікпен Қазақстанда футбол дамымайды», - деді Қайрат Боранбаев ойыннан кейін.

Ойынға қызылордалық Данияр Сахи бастаған төрешілер бригадасы қазылық еткен. Ол 40-минутта «Қайрат» қақпасына пенальти белгіледі. Осы пенальти Боранбаев және басқа да «Қайрат» клубы өкілдерінің ашуын тудырды.

Айтпақшы, ойынға «Ақтөбе» жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов қатыса алмады. Өйткені  2021 жылы Рамазан «Қайратпен» келісімшарты бола тұра, латвиялық «Даугавпилс» командасына заңсыз ауысып кеткен болатын. Соған байланысты алматылық ұжым УЕФА-ға арызданды. «Қайрат» латвиялық клубтан ойыншыны маусым бойы жаттықтырғаны үшін үстемақы талап еткен болатын. Бірақ 3 жыл уақыт өтседе, «Даугавпилс» «сары-қаралардың» сұрағанын бермеді.  Міне соның таяғы келіп «Ақтөбеге» тиіп отыр. Футболшыны баннан шығару үшін «ақ-қызылдар» «Қайратқа» 20 мың еуро төлеуі тиіс.
26 жастағы ойыншы «Ақтөбе» үшін осы маусымда барлығы 3 ойын өткізді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды
29.04.2024ж. 21:59

Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды

Олар жартылай финалда Индонезиядан басым түсті
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →