×

Қырғызстаннан кейін Қазақстанда TikTok желісіне шектеу қоюы мүмкін

TikTok желісі Қазақстанда шектеле ме

Қырғызстаннан кейін Қазақстанда TikTok желісіне шектеу қоюы мүмкін
Фото: ашық дереккөзден

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстанда TikTok әлеуметтік желісін бұғаттау мәселесі қаралатынын айтты, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

«Көрші елдердің тәжірибесін қарап отырмыз. Шынымен де қазіргі таңда құқық құзушылық фактілер өте көбейіп кетті. Оны өздеріңіз де көріп отырсыздар. Мұндай дүниелер ұлттық қауіпсіздігімізге қауіп төндірсе, әлбетте бұғаттауға мәжбүрміз. Әлі алгоритимі жоқ.  Нақты шешілген жоқ. Қарастырылатын мәселе», - дейді Аида Балаева.

Ал депутат Ерлан Сайыров әлеуметтік желілер пайдалы білім алып, үнемі қозғалыста болуы тиіс балалардың алтын уақытын ұрлағанымен қоймай, олардың денсаулығына, психикасына да теріс әсер етіп жатыр деп айтты.

Бұған дейін Қырғызстанда TikTok желісіне қолжетімділік шектелетіні айтылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бағдат Мусин қызметінен босатылды
30.04.2024ж. 19:02

Бағдат Мусин қызметінен босатылды

Ол бұл қызметті төрт жылға жуық атқарды
Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары төмендетілуі мүмкін
Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →