×

Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері Бишімбаевтың телефонының құпия сөзін аша алмады – судья

Бишімбаевтың ұялы телефоны заттай айғақ ретінде танылған

Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері Бишімбаевтың телефонының құпия сөзін аша алмады – судья
Фото: Jogargy_sot

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында судья Айжан Құлбаева Ұлттық қауіпсіздік комитетінің техникалық мамандары оның ұялы телефонын аша алмағанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Судьяның айтуынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Бишімбаевтың ұялы телефоны заттай айғақ ретінде танылған. 

«Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 375-бабына сәйкес, заттай дәлелдемелерді зерттеу сот тергеуінің кез келген уақытында жүзеге асырылады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында осы телефонға  
5-қызметінің 12-бөлімімен зерттеу жүргізілді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бесінші қызметінің 12-ші департаментімен зерттеу жүргізілді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті iPhone 13 Pro Max телефонында алты таңбалы пароль коды бар екенін анықтады. Сондай-ақ қолда бар техникалық құралдарды пайдаланып пароль кодын айналып өту мүмкін емес деген қорытынды шығарды», - деді судья.
 ұялы телефонның iPhone 13 Pro Max телефонында алты таңбалы пароль коды бар екені және қолда бар техникалық құралдарды пайдаланып пароль кодын айналып өту мүмкін емес деген қорытынды шығарылды», - деді судья.

Бишімбаевтың адвокаттары оның телефонын зерттеу сот залында міндетті емес екенін айтып, өтініш жасады. Бірақ Нүкенованың отбасының адвокаттары мен прокурорлар Салтанаттың ұялы телефоны зерттелгенін атап өтті. 

«Сотқа ұялы телефонның құпия сөзін берсек өзгерістер жасалып кетуі мүмкін. Сондықтан Бишімбаевтың телефонының құпия сөзін өзіміз теріп, артынша іс материалдарын зерттегеннен кейін сотқа құпия сөзді бере аламы» - дейді Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бишімбаев өз-өзіне екі рет қол салмақ болғанын мәлімдеді
Бүгін, 18:20

Бишімбаев өз-өзіне екі рет қол салмақ болғанын мәлімдеді

Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады
Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады
Судья Айжан Құлбаева Ғазымжановқа тиісті түрде әрекет етуге мәжбүр болатынын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →