×

«Ағып кете жаздады». Полиция қызметкері Жайық өзенінде суға батып бара жатқан адамды құтқарды

Тұрғындардың көпшілігі эвакуациядан өз еркімен бас тартты

«Ағып кете жаздады». Полиция қызметкері Жайық өзенінде суға батып бара жатқан адамды құтқарды
коллаж Qaz365.kz

Жайық өзені тасып, Орал қаласы маңындағы саяжайларды су басты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жергілікті тұрғындардың көпшілігі үлкен судың келетініне сене қоймады және эвакуациядан өз еркімен бас тартты. Бірақ Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты саяжайларға су келе бастағанда, оларды ТЖМ және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің күшімен шұғыл түрде эвакуациялауға тура келді.

Әлеуметтік желіде тарап кеткен бейнежазбалардың бірінде ағын алып кете жаздаған адамды құтқарып қалғанын көруге болады. Ер адамды құтқарған БҚО полиция департаментінің кіші сержанты Әміржан Бірлесов болып шықты. Оған ТЖМ қызметкерлері, "Ұлттық ұланның" әскери қызметшілері және сол төңіректе болған азаматтар көмекке келді.

Басқа видеода автор экран сыртындағы дауыс Бірінші және Екінші саяжай аудандарында бөгеттің бұзылғанын айтады. Саяжай тұрғындары көздеріне жас алып, өмір бойы тірнектеп жинаған дүние-мүлкі мен баспанасының суға кетіп бара жатқанына мұңая қарап отыр.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда бұрынғы әйелін лифт алдында соққыға жыққан ер адам ұсталды
Кеше, 15:26

Алматыда бұрынғы әйелін лифт алдында соққыға жыққан ер адам ұсталды

Аталған жағдайға Алматы қаласы полициясы түсініктеме берді
Қазақстанда мұндай санатта 13 түзету колониясы бар
Әйел адам өзінің экс-жұбайы бұрын кәсіби спортшы болғанын айтады
Оның 4,7 млрд теңгені құрайтын мүлкі тәркіленді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →