×

«Дүрбелеңге түспеуге шақырамын»: Қаржы министрі жалпыға бірдей табыс декларациясы туралы айтты

Министр азаматтарға қосымша декларация тапсыруға мүмкіндік берілетінін айтты

«Дүрбелеңге түспеуге шақырамын»: Қаржы министрі жалпыға бірдей табыс декларациясы туралы айтты
Фото: Қаржы министрлігі

Мәжіліс кулуарында Қаржы министрлігінің басшысы Ерұлан Жамаубаев жалпыға бірдей декларацияға қатысты қазақстандықтардың сынына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ерұлан Жамаубаев салық төлеу әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтті.

«Бұл конституциялық норма, заңмен белгіленген салықтар екені анық. Екіншіден, жалпыға бірдей декларациялау мемлекетке бізде салық түрінде түспейтін резервтерді анықтауға көмектеседі. Ал бұл қосымша зейнетақы, әлеуметтік аударымдар, жалақы, бұл іске асырылмаған инвестициялық жобалар. Сондықтан мен азаматтарды дүрбелеңге түспеуге шақырамын және тағы да айтамын, Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қаржы министрлігі ешқандай репрессиялық әдістерді қолданбайды, біз тек заңды талаптарды орындаймыз», – деді министр.

Сонымен қатар ол салық органдары қате толтырған тұлғалардың барлығына қосымша декларация тапсыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Ешкім оларға бірден айыппұл салмайды. Біздің міндетіміз – нарықты ағарту. Мысалы, сіз өзіңіз сұрақ қойып отырсыз, шенеуніктерге қатысты, олар өз мүлкін туыстарының атына рәсімдеп қойған ба және т.б. деп. Біз бұл солай ма, жоқ па, соны көргіміз келеді. Содан кейін салыққа қатысты шешім қабылдаймыз, алдымен барлық кезеңдерден өтіп көрейік, 2025 жыл өтсін және сосын Қазақстан бойынша барлық мүлік, барлық ақша мен активтер дерекқорда болады, содан кейін тиісті шешім қабылдаймыз», – деп түйіндеді Жамаубаев.

Айта кетейік, бұған дейін соңғы үш айда әртүрлі тұлғалардан 100 аударым алған азамат салық бақылауына түсіп, оған қатысты талдау жұмыстары жүргізілетіні айтылған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шикізаттың аздығы немесе Түркістандағы жиһаз өндірушілердің мәселесі неде
Кеше, 13:47

Шикізаттың аздығы немесе Түркістандағы жиһаз өндірушілердің мәселесі неде

Қазақстандағы халқы ең көп облыста өндірістің түр-түрін таңдап, дөңгелетіп әкеткендер баршылық
Үміткерге баспана іздеуге 6 ай уақыт беріледі
Кездейсоқтық па әлде басқа ма, әйтеуір біз қазақстандық инвест банктер өзін жақсы сезінетінін байқаймыз

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →